2025 жылдың 21 қаңтар күні мектептің әдістемелік кеңес отырысының жоспарына сәйкес әдістемелік отырыс өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Аудандық әдістемелік кеңес отырысының қорытындысымен таныстыру.
2. Бастауыш сынып бірлестігі апталығының қорытындысы.
3. Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі 72 бұйрығының 16 қосымшасына сәйкес педагогтердің сабағын (ұйымдастырылған қызметін) бағалау парағы бойынша жұмыс мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.С.Избасарова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.О.Сариева сөйлеп, аудандық әдістемелік кеңес отырысының ұсыныстарымен таныстырды. Екінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Ж.С.Абилова «Білім - құндылық, білім-жүйе, білім –үрдіс, білім-нәтиже» тақырыбымен өткен бастауыш пәндер бірлестігінің апталығының қорытындысымен таныстырды.
"Жоспарлау" , " Оқыту" , " Бағалау" , " Рефлексия" тобына бөлінген әріптестеріміз " Педагогтердің сабағын (ұйымдастырылған қызметін) бағалау парағы бойынша" топтық жұмыс жасап, әдістемелік отырыс қатысушылардың кері байланыстарымен қорытындыланды.