Тайпақ а/о бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесші маман Әнуар Ғалымжанұлы мен Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің АӘД пәні мұғалімі Әлібай Кеңесұлы және Қ. Байсықов атындағы ЖОББ мектебінің АӘД пәні мұғалімі Роллан Мәлікұлынңң, сонымен қатар Ақжайық аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің статист маманы Зоя Төлепқалиқызының бірлесе ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай "Ауғанның от жалыны" атты аймақтық әскери-патриоттық ойыны өтті.
Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің АӘД пәні мұғалімі Әлібай Кеңесұлы ойын ережесімен таныстырып өтті.
Шара барысында қатысушылар автоматты уақытқа толық емес бөлшектеу және жинаудан, әскери қорғаныш құралын киюден, пневматикалық винтовкадан атудан, ер балалар белтемірге тартылудан және қыз балалар кеуде көтеруден жекелей сынға түсті. Ал жалпы командалық ойында арқан тарту мен әскери эстафетадан өзара сайысқа түсті.
Әр сайыс бойынша өзара мықтыларды анықтап, жүйрік шыққандар жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда: Командалық есепте
1 орын Ы.Алтынсарин
2 орын Қ.Байсықов
3 орын Х.Доспанова
3 орын Ғ.Махамбетов